Ольга Рыпакова Токио Олимпиадасының финалына өте алмады

Ольга Рыпакова Токио Олимпиадасының финалына өте алмады

Ольга Рыпакова Токио Олимпиадасының финалына өте алмады
ашық дереккөзі

Үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова Токио Олимпиадасының финалына өте алмады.

Жазғы олимпиада ойындарына төртінші мәрте қатысқан Ольганың бұл жолғы көрсеткіші – 13.69. Алайда, бұл нәтиже оған финалға шығуға мүмкіндік бермеді. Осылайша, ол Олимпиадада алғаш рет жүлдесіз қалды. Естеріңізге сала кетейік, Ольга 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында күміс жүлдені иеленіп, 2012 жылы Лондонда өткен Жазғы олимпиада ойындарында чемпион атанған болатын. Ал 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасында қола жүлдені жеңген еді. Ольгадан бөлек бұл сайысқа қатысқан қазақстандық атлеттер Ирина Эктова мен Мария Овчинникова 26 және 31-орынға табан тіреді.