Жамбыл облысы Қызылорда облысына 33 тонна шөп жөнелтті
Жамбыл облысы Қызылорда облысына 33 тонна шөп жөнелтті
Жамбыл облысы Қызылорда облысына 33 тонна шөп жөнелтті. Бұл игі іс аймақтың белсенді азаматтарының ұсынысымен қолға алынды, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Осылайша, Шу, Луговой, Жанатас және Тараз қаласы темір жол стансаларындағы вагондарға облысымыздың барлық аудандарынан келген жоңышқа, пішен және табиғи шөп артылып, Сыр еліне жол тартты.
Бұл шараға Байзақ ауданындағы Ынтымақ ауылдық округіне қарасты «Бірлік» шаруа қожалығы да өз үлестерін қосып, 300 бау жоңышқа берген.