Жаңалықтар

«Ұшақпен дәрі шашып жатыр»: Жалған ақпарат таратқан жігіт ұсталып, кешірім сұрады

ашық дереккөзі

«Ұшақпен дәрі шашып жатыр»: Жалған ақпарат таратқан жігіт ұсталып, кешірім сұрады

Түркістан облысында «WhatsApp» әлеуметтік желісі арқылы «Ұшақтар дәрі шашып жатыр...» деп жалған ақпарат таратқан ер азамат ұсталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы oinet.kz жазды. «WhatsApp» желісінде «АН-2» маркалы ұшақтарының бейнежезбасы және ер адамның «ұшақтар дәрі шашып жатыр, соған байланысты жиналамыз...» деген аудиожазба таралды. Жалған ақпаратқа қатысты Ордабасы аудандық полиция бөлімінің полицейлері тесеріс жүргізді.  Олар «АН-2» ұшақтары Ордабасы ауданы Қараспан ауылдық округінің маңына қонғанын анықтаған. Бұл ұшақтар Шымкент қаласының тұрғыны, яғни ЖШС-лардың бірінің иесіне тиесілі екені белгілі болды. ЖШС иесі Қара аспан ауылдық округінің маңынан жалға алған егістік алқапқа тыңайтқыш шашу үшін әкелген. Ұшақтар келесі жылдың көктеміне дейін сол маңда тұрып, егістікке пайдаланылатын болады. Оған қоса, жалған мәлімет таратқан жігіт те анықталды. Ол Қара аспан ауылдық округінің тұрғыны болып шықты. Қазір ҚК-нің 274-бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол өзінің жасаған кінәсін толығымен мойындап, барша тұрғындардан кешірім сұрады.  Полицейлер ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, алдағы уақытта жалған ақпар таратпау мен расталмаған қауесет сөздерге сенбеу қажет екенін айтты.