Жаңалықтар

«Nur Otan»: Депутаттар жасанды тыныс алу аппараты мен оттегі баллондарын табыстады

ашық дереккөзі

«Nur Otan»: Депутаттар жасанды тыныс алу аппараты мен оттегі баллондарын табыстады

«Nur Otan» депутаттары әлі де пандемиямен күресте алдыңғы қатарда болып, «Біз біргеміз» акциясы аясында көмек көрсетуде. Мәселен, осыған дейін де қайырымдылық шараларға ұдайы үлес қосып,  қаншама жандарға көмек көрсетіп, ел алғысын арқалап жүрген Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Динара Егамбердиева жеке өзінің есебінен  жасанды тыныс алу аппараты мен 10 дана кислород баллон жабдығын сатып алып, оны Сайрам аудандық  ауруханасына табыстады. Осынау қиын мезетте «Nur Otan»  партиясының өкілдері мен облыстық мәслихат депутаты қамқорлық танытып, бірге екендігін білдірді. Шараға аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдрахманұлы мен аудандық орталық аурухана бас дәрігерінінің орынбасарлары Төлеген Жолдасұлы және Нурали Рахматалиұлы қатысты.