Сон мен Чиншанлоға Ауыр атлетика федерациясы көлік сыйлайды

Сон мен Чиншанлоға Ауыр атлетика федерациясы көлік сыйлайды

Сон мен Чиншанлоға Ауыр атлетика федерациясы көлік сыйлайды
ашық дереккөзі

Олимпиада жүлдегерлері Игорь Сон мен Зульфия Чиншанлоға Ауыр атлетика федерациясы жаңа көлік сыйлайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы Токио Олимпиадасының қола жүлдегерлері Игорь Сон мен Зульфия Чиншанлоға жаңа Toyota Camry автомобилін тарту етеді, ал спортшылардың жеке жаттықтырушылары мен құраманың бас бапкері ақшалай сыйақы алады. ААФ президенті Жанат Түсіпбеков Нұр-Сұлтанда спортшыларға автомобиль кілтін табыс етеді. Естеріңізге сала кетейік, Токиода өткен Олимпиада ойындарында Игорь Сон 61 келіге дейінгі санатта қола жүлдені жеңіп алса, Зульфия Чиншанло 55 келіге дейінгі санатта үшінші орынды иеленді. 28 шілде күні кешке спортшылар елге оралды.