Әлібек Дінішевке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Әлібек Дінішевке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді, бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Ә.М. Дінішевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Отандық мәдениетті дамыту мен музыка өнерін дәріптеудегі айрықша еңбегі үшін Әлібек Мұсаұлы Дінішевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев, – деп жазылған жазбада.
Back to top button