Жайық өзенінде сирек кездесетін балық түрін аулаған браконьерлер ұсталды

Жайық өзенінде сирек кездесетін балық түрін аулаған браконьерлер ұсталды

Жайық өзенінде сирек кездесетін балық түрін аулаған браконьерлер ұсталды
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облысында балықтың сирек кездесетін түрін заңсыз аулаған үш адам ұсталды, – деп хабарлайды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі. «2021 жылғы 27 шілдеде сағат 22.30-да ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп «Круглоозерное» кенті ауданында Жайық өзенінде рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулаған үш азаматты ұстады. Ұстау орнында жалпы салмағы 1,6 кг болатын «стерлет» түрінің екі данасы және салмағы 0,2 кг болатын бір лақашық табылып, тәркіленді. Есептеулерге сәйкес, балық ресурстарына зиян 467 500 (төрт жүз алпыс жеті мың бес жүз) теңгені құрады» делінген хабарламада. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін аулау үшін жауапкершілік ҚР ҚК-нің 339-бабында (сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдік немесе жануар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану) үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде көзделген. Осыған байланысты, инспекция қызметкерлері жинаған материалдар қылмыстық іс қозғау үшін табиғатты қорғау полициясының қызметкерлеріне берілді. Аталған факті ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитетінің бақылауында.