Мемлекет басшысы Қалмұханбет Қасымовты қызметінен босатты
Мемлекет басшысы Қалмұханбет Қасымовты қызметінен босатты
Мемлекет басшысы Қалмұханбет Қасымовты қызметінен босатты, бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовты өзінің отставкаға және мемлекеттік қызметтен кету туралы өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатты. Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовқа құқық қорғау органдарындағы ұзақ жылғы қызметі мен Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы ретінде сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді.
Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін уақытша атқару Е.А.Сағымбаевқа жүктелді, - деп жазылған жазба мәтінінде.