Жазушы Аягүл Мантайдың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жазушы Аягүл Мантайдың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жазушы Аягүл Мантайдың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
ашық дереккөзі

Жазушы Аягүл Мантайдың өліміне қатысты Түркістан облысының полицейлері қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақпаратта сүйенсек, сотқа дейінгі тергеу амалдары «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бабы бойынша басталған. Жазушының мезгілсіз қазасы әлеуметтік желіде резонанс тудырды, себебі желі пайдаланушылары бәзбіреулер марқұмды өлімге итермелегенін айтып жатыр.
«Суицид жайты Жетісай АПБ полицейлерімен ҚР ҚК-нің 105-бабымен «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлермен қажетті деген іс-шаралардың барлығы атқарылуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады», - деді Түркістан облысы ПД ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.