Жеңіл көлік өзенге құлап, екі адам мерт болды

Қырғызстанның Алай ауданының Ош-Сары-Таш-Эркештам (Қызыл-Қорған ауылы) автожолының 93 шақырымында «Тайота Ист» көлігінің жүргізуші көлікті басқара алмай, Гулчо өзеніне құлаған, – деп жазды Кабар агенттігі.

ТЖМ-нің хабарлауынша, оқиға орнына №68 Өрт сөндіру бөлімшесінің 4 құтқарушысы шыққан. Жол-көлік оқиғасының салдарынын 1970 жылғы А.К. есімді ер адам мен 1971 жылғы Т.О. есімді әйел көз жұмды.

Оқиға орнына келген құтқарушылар автокөлікті өзеннен шығарып, қайтыс болғандардың денелерін ІІМ қызметкерлеріне табыстады.

f206312a 3df6 490d 976d 876510aed44c

Back to top button