Әлемдегі ең кедей мемлекеттердің бірі коронавирус ошағына айналуы мүмкін – БҰҰ

Әлемдегі ең кедей мемлекеттердің бірі коронавирус ошағына айналуы мүмкін – БҰҰ

Әлемдегі ең кедей мемлекеттердің бірі коронавирус ошағына айналуы мүмкін – БҰҰ
ашық дереккөзі
Біріккен Ұлттар ұйымы COVID-19 таралуы бойынша әлемдегі жағдайды талдау негізінде, ең кедей мемлекеттердің бірі - Мьянма инфекция ошағына айналуы мүмкін екенін ескертеді. Бұл елден инфекция ешқандай бақылаусыз тарай беруі мүмкін. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы хабарлады. «Мьянма COVID-19 таралуының аса қауіпті ошағына айналып келеді, бұл елде вирустың аса жұқпалы әрі қауіпті жаңа нұсқалары – «дельта» және өзге штамм түрлері таралған. Бұл өте қауіпті», - деді БҰҰ Арнайы баяндамашысы Том Эндрюс. Ол аталмыш елдің Жер шары тұрғындарының үштен бір бөлігі шоғырланған - Бангладеш, Үндістан және Қытай мемлекеттермен ортақ шекарасы бар екенін атап өтті.