Токио-2020: Владислав Яковлев академиялық есуден жарыс жолын аяқтады

Токио-2020: Владислав Яковлев академиялық есуден жарыс жолын аяқтады

Токио-2020: Владислав Яковлев академиялық есуден жарыс жолын аяқтады
ашық дереккөзі
Токиода D финалында ерлер арасындағы академиялық есу бойынша финалдық жүзу аяқталды. Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, бағдарламаның бұл түрінде Қазақстанның атынан Владислав Яковлев шықты. Жүзу қорытындысы бойынша қазақстандық 7:03:37 уақытты көрсетіп, бірінші орынға жайғасты. Осылайша, финалдық хаттамада қазақстандық 19-шы болды. Еске сала кетейік, D тобындағы атлеттер 19-24 орындар үшін ойнады.