Токио-2020: Владислав Яковлев академиялық есуден жарыс жолын аяқтады

Токиода D финалында ерлер арасындағы академиялық есу бойынша финалдық жүзу аяқталды.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, бағдарламаның бұл түрінде Қазақстанның атынан Владислав Яковлев шықты. Жүзу қорытындысы бойынша қазақстандық 7:03:37 уақытты көрсетіп, бірінші орынға жайғасты. Осылайша, финалдық хаттамада қазақстандық 19-шы болды.

Еске сала кетейік, D тобындағы атлеттер 19-24 орындар үшін ойнады.

Back to top button