Атырауда ер кісі бензин құйылған бөтелке ұстап, өзін өртемек болған

Атырауда ер кісі бензин құйылған бөтелке ұстап, өзін өртемек болған

Атырауда ер кісі бензин құйылған бөтелке ұстап, өзін өртемек болған
ашық дереккөзі
Атырауда мас жігіт бензин құйылған бөтелке ұстап, өзін өртеймін қорқытқан. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 28 шілде таңғы сағат 6:00 шамасында 32 жастағы жігіт мас күйінде Атырау қалалық прокуратурасына келген. «Масаң күйдегі жігіт қолына бензин құйылған бөтелке ұстап, өзін өртеп жіберемін деп қорқытқан. Патрульдік полиция қызметкерлері 1989 жылы туған азаматты Атырау қалалық полиция басқармасына жеткізді. Қазір ұсталған азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 434 және 667-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылды» - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.