Қарсылас команданың велошабандоздарын түйеге теңеген неміс бапкері Токиодан қуылды

Қарсылас команданың велошабандоздарын түйеге теңеген неміс бапкері Токиодан қуылды

Қарсылас команданың велошабандоздарын түйеге теңеген неміс бапкері Токиодан қуылды
ашық дереккөзі
Германия велоспорт федерациясының спорт директоры әрі бапкер қызметін атқаратын Патрик Мостер Токиодан қуылды. Бұл туралы www.championat.com сайты жазады. Велоспорттан топтық жарыс кезінде жолдың шетінде тұрған ол Германия құрамасының велошабандоздарын рухтандырамын деп, «Түйелерді» басып озыңдар, «түйелерді» басып озыңдар, алға!» деп айтқан. Бапкердің бұл айтқанын тікелей эфирде естіген көпшілік наразылық білдірген, себебі неміс спортшыларынан алда келе жатқан Алжир мен Эритрея елдерінің велошабандоздары болған. Жарыс соңында ол мұны қызбалықпен айтқанын мәлімдеп, көпшіліктен кешірім сұраған. Алайда, ертесінде Германияның Олимпиада комитеті бапкердің қызметінен босатылғанын, Германияға жөнелтілгенін мәлімдеді.