Алматыға тамыздың ортасында коронавирустың төртінші толқыны келеді - Бекшин

Алматыға тамыздың ортасында коронавирустың төртінші толқыны келеді - Бекшин

Алматыға тамыздың ортасында коронавирустың төртінші толқыны келеді - Бекшин
ашық дереккөзі
Алматыда тәулік ішінде коронавирус жұқтырған мыңнан астам адам тіркелді. Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполиске қатысты эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы туралы айтты. COVID-19 дертінің кезекті төртінші толқыны тамыз айының ортасына, қыркүйектің басында күтілуде. Ж. Бекшиннің айтуынша, вакцина індеттің күрделі кезеңінен өтуге көмектеседі. Сондай-ақ Алматыда ағзаны індеттен қорғайтын толық вакцина желісі бар. «Соңғы аптада коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық ахуал ушығып отыр. Өткен аптаны алдыңғымен салыстырғанда КВИ жағдайының тіркелуі 1,4 есеге – 5 790-нан 8 393 жағдайға дейін өсті, тәуліктік өсім - 1,5%. 23 шілдеден бастап КВИ-дің күнделікті тіркеуі 1 мыңнан асты және қазірдің өзінде 1 450-ді құрайды. Осы айда Алматыда 20 818 науқас анықталды, ал жыл басынан бері 76 603 науқас тіркелді», – деді мегаполистің бас санитар дәрігері. Оның айтуынша, шілдедегі эпидемиологиялық жағдайдың нақты болжамы - 27,5 мың, ал іс жүзінде 2 мың жағдайды құрайды. «Алматыда COVID-19 кезекті төртінші толқыны тамыз айының ортасында басталып, қыркүйектің басында төмендейді деп күтіліп отыр. Тамыз айында - 34,5 мың жағдай, қыркүйекте - 4,5 мың жағдай болады деп болжанған. 7 күн ішінде симптомды науқастардың үлесінің артуы 89,4-тен 90,7%-ға дейін жалғасты, бұл СOVID-19 дельта нұсқасының тез таралғанын көрсетеді», –деді Ж. Бекшин.