Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасын жеңіспен бастады

Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасын жеңіспен бастады

Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасын жеңіспен бастады
ашық дереккөзі
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарындағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті. Олимпиаданы 1/8 финалдан бастаған Қамшыбек мысырлық Есри Рез Мұстафаны айқын басымдықпен жеңді. Қамшыбек енді ширек финалда ресейлік Иван Верясовқа қарсы жұдырықтасады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 75 келіге дейінгі салмақта бокстасқан Әбілхан Аманқұл өзбекстандық Фанат Қахромоновты жеңген болатын.