Токио-2020: Математик-ғалым велоспорттан Олимпиада чемпионы атанды

Токио-2020: Математик-ғалым велоспорттан Олимпиада чемпионы атанды

Токио-2020: Математик-ғалым велоспорттан Олимпиада чемпионы атанды
ашық дереккөзі
Аустриялық велоспортшы Анна Кизенхофер Токио Олимпиадасында топтық жарыста алтын жүлдені ұтып алды. Анна 137 шақырым қашықтықты 3 сағат 52 минут 45 секундта жүріп өткен. Айта кетерлігі, Анна Вена техникалық универсиетінде математика мамандығы бойынша оқыған. Сосын Кембридж университетінің магистратура бөлімінде, кейін Барселонада докторантурада білім алған. Қазір ол Лозанна (Швейцария) қаласындағы Жоғары саясат мектебінде постдокторантурада оқиды әрі студенттерге сабақ береді. Әдепкіде әуесқойлар арасындағы жарыстарға қатысып жүрген ол 2019 жылы ел чемпионатына қатысып, бірінші орынды иеленіп, Олимпиада құрамасына қабылданған. Аталған сайыста Нидерланд елінің өкілі Аннемик ван Флёйтен (+1 минут 15 секунд) мәре сызығын екінші болып кессе, ал үшінші орынды италиялық велошабандоз Элиза Лонго Боргини (+1 минут 29 секунд) иеленді. Тағы бір айта кетерлік жайт, екінші орынды иеленген Аннемик ван Флёйтен жолда өзін озып кеткен Кизенхоферді көрмей қалып, мәре сызығына бірінші болып жеттім, Олимпиада чемпионы атандым деп ойлап, қатты қуанған. [caption id="attachment_152029" align="alignnone" width="1024"] width= Аннемик Ван Флейтеннің мәре сызығын бірінші болып кестім деп ойлап, қуанған сәтінен. Фото: REUTERS / CHRISTIAN HARTMANN.[/caption]