Ұлытаудағы өрт 46 мың гектар алқапты шарпыған

Ұлытаудағы өрт 46 мың гектар алқапты шарпыған

Ұлытаудағы өрт 46 мың гектар алқапты шарпыған
ашық дереккөзі
Қарағанды облысының Ұлытау ауданында шілденің басы мен аяғында болған дала өрті 46 мың гектар жерді шарпыған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марат Хасенов айтты. «Биыл шілденің өзінде ғана 796 табиғи өрт пен жалын сөндірілді. Оның 120-сы орманда болған. Ең ірі орман өрттері Қарағанды және Ақмола облыстарында тіркеліп, салдарынан екі адам қаза болды. 3-7 шілде аралығанда және 25-27 шілде аралығында Қарағанды облысының Ұлытау ауданында ғана 7 ірі дала өрті болып, 46 мың гектардан астам жерді шарпыды. Ұлытаудағы өртті өшіруге секундына 8 метр жылдамдықпен ұйытқып соққан қатты жел кедергі келтірді», - деді Төтенше жағдай өкілі. Еске салсақ, айдың басында болған тілсіз жаудың кесірінен Ұлытау ауданының үш ауылдық - Жангелді, Ақтасты, Амангелді округінде Төтенше жағдай режимі жарияланған болатын.