Жаңалықтар

Режиссер Болат Атабаев қайтыс болды

ашық дереккөзі

Режиссер Болат Атабаев қайтыс болды

 69 жасқа қараған шағында режиссер Болат Атабаев дүние салды. Бұл туралы белгілі актер Азамат Сатыбалды инстаграм парақшасында хабарлады. Бірер күн бұрын Атабаев Алматы ауруханасының жан сақтау бөліміне түскен. Былтыр Германияда ауыр операция жасатып, арбаға таңылған еді. Елге оралғанына көп болмаған.