Жаңалықтар

Елордада Ashyq жобасына қатыспайтын кәсіпкерлік нысандар жұмысы тоқтатылады

ашық дереккөзі

Елордада Ashyq жобасына қатыспайтын кәсіпкерлік нысандар жұмысы тоқтатылады

Елордада 2200-ден астам кәсіпкерлік нысан Ashyq қосымшасын енгізді, деп хабарлайды «Хабар 24». Ақпараттық жүйе карантин талаптарын қатаң сақтауға көмектеседі. Таяуда жабық сауда орындары да осы құралды қолдана бастады. Енді Ashyq жобасына қатыспайтын кәсіпкерлік нысандар жұмысы тоқтатылады. Жаңа қаулы 2 тамызда күшіне енеді. Жабық сауда орындарының алды жаңашыл жүйеге көше бастады. Құрылыс заттарын сату нысандары да осы талапты орындауға міндетті. Келушілерді тек қосымша арқылы тексеріп, кіргізеді.