Жаңа телеарна жарық көрді

Жаңа телеарна жарық көрді

Жаңа телеарна жарық көрді
ашық дереккөзі

Мүфтият медиакеңістігі Munara tv телеарнасымен толықты. Бұл туралы ҚМДБ ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімі хабарлады.

OTAU TV ұлттық жерсеріктік телевизия желісінде 49-болып тіркелген телеарна Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы базасында құрылды. Діни басқарманың баспасөзі таратқан мәліметіне сүйенсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының телевизия саласындағы ақпараттық-насихат жұмыстары осы MUNARA TV телеарнасы арқылы таратылады. MUNARA TV халықтың діни сауатын арттыруды, жас көрермен бойына имандылық, адамгершілік, патриотизм сынды құндылықтарды қалыптастыруды көздеу айтылған. Сонымен қатар, телеарна арқылы онлайн дәрістер ұйымдастыру жоспарланды. Бұдан бөлек өзекті мәселелер төңірегінде сұрақтарға тікелей эфирде жауап беріледі. Өздеріңізге белгілі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының MUNARA республикалық рухани-танымдық газеті бар. Енді Мүфтияттың медиакеңістігі MUNARA TV телеарнасымен толықты. Болашақта MUNARA FM рухани-танымдық радиосын ашу жоспарда бар көрінеді.