COVID-19: Еліміздің бес өңірінде төсек-орын тапшылығы болуы мүмкін

COVID-19: Еліміздің бес өңірінде төсек-орын тапшылығы болуы мүмкін

COVID-19: Еліміздің бес өңірінде төсек-орын тапшылығы болуы мүмкін
ашық дереккөзі
Еліміздегі екі ірі қала мен үш облыста инфекциялық төсек-орын тапшылығы сезілу мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. «Ем алып жатқан науқастардың саны 2 есе көп. Қазір еліміде 90 мыңдай адам ауырып жатыр. Оның 25 мыңы - стационарда, 65 мыңнан астамы амбулаторлық ем алуда. Шілденің басындағы жағдаймен салыстырғанда ауыр жағдаймен түскендердің саны екі есе көбейді. Мыңға жуық науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - деді Денсаулық сақтау министрі. Ведомство басшысы инфекциялық және реанимациялық төсек-орын тапшылығы сезілуі мүмкін өңірлерді атады. «Оның үстіне бірқатар өңірде инфекциялық және реанимациялық төсектердің тапшылығы болуы мүмкін. Тәуекел аймағында Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Ақмола, Қызылорда облыстары тұр. Бірнеше өңірдің денсаулық сақтау жүйесі жоғары жүктемемен жұмыс істеп жатыр», - деді министр.