Елімізде алдағы күндері ауа температурасы 41 градусқа дейін көтеріледі

Елімізде алдағы күндері ауа температурасы 41 градусқа дейін көтеріледі

Елімізде алдағы күндері ауа температурасы 41 градусқа дейін көтеріледі
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 29-31 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінен атмосфералық фронттар өтуіне байланысты күн күркіреп, жаңбыр жауады. 30-31 шілдеде шығыста, 31 шілдеде оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. "Еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың барлық аумағында ауа температурасы көтеріледі деп болжанды: күндіз батыста, солтүстік-батыста 25-41 градус, солтүстік пен шығыста 23-33 градус, орталықта 25-37 градусқа дейін ыстық болады", - делінген хабарламада.