Токио-2020: Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалына өтті

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалына өтті.

Елена ширек финалда испаниялық Гарбинье Мугурусамен кездесіп, әлемдік рейтингте 9-орында тұрған қарсыласын 7:5, 6:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға өтті.

Финал жолдамасы үшін таласта Рыбакина швейцариялық Белинда Бенчичке қарсы ойнайды.

Back to top button