Калифорнияда ұшақ апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты

Ұшақ Траки қаласының (Калифорния штаты) әуежайына қонар сәтте апатқа ұшырады. Бортта болған төрт адамның бәрі қаза тапқан. Бұл туралы Fox телеарнасының жергілікті филиалы мәлімдеді.

Ұшақ қонар сәтте қарағайлардың ұшар басына тиіп, артынша жерге құлап, өртенген. Құлаған кезінде электр желілеріне зақым келтірді.

Дүйсенбіде CBS телеарнасының Калифорниядағы бөлімшесі өрт сөндірушілер мен полицияға сілтеме жасай отырып, Truckee Tahoe әуежайы маңында жеңіл ұшақтың апатқа ұшырағаны туралы хабарлады.

Back to top button