Полина Гурьева Түрікменстан тарихында бірінші рет Олимпиада жүлдесін иеленді

Полина Гурьева Түрікменстан тарихында бірінші рет Олимпиада жүлдесін иеленді

Полина Гурьева Түрікменстан тарихында бірінші рет Олимпиада жүлдесін иеленді
ашық дереккөзі
21 жастағы түрікмен зілтеміршісі Полина Гурьева Түрікменстан тарихында бірінші рет Олимпиада жүлдесін иеленді. Ауыр атлетикадан 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сайысқа түскен Полина жұлқып көтеруде 96 келіні басынан асырып, ал серпе көтеру жаттығуында 121 келіні бағындырды. Қоссайыс нәтижесі бойынша ол 217 (96+121) келі көрсеткішімен күміс жүлдеге қол жеткізді. Айта кетерлігі, зілтемірші 1996 жылдан бастап Жазғы олимпиада ойындарына қатысып келе жатқан Түрікменстан құрамасының қоржынына бірінші рет Олимпиада жүлдесін салды. Аталған салмақта алтын жүлдені қытайлық Куо Син-Чжунь иеленсе, қола жүлдені Андо Микико (Жапония) місе тұтты.