COVID-19: Жапонияда вирус жұқтыру бойынша антирекорд тіркелді

COVID-19: Жапонияда вирус жұқтыру бойынша антирекорд тіркелді

COVID-19: Жапонияда вирус жұқтыру бойынша антирекорд тіркелді
ашық дереккөзі
Жапонияда COVID-19 жұқтырудың жаңа жағдайлары бойынша антирекорд тіркелді, – деп хабарлады ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы. Індетке шалдыққан науқастардың күнделікті өсуі 7 мың адамнан асты. Жұқпалы аурулар жөніндегі сарапшылар «дельта» штамы коронавирус эпидахуалын күрт күрделендіріп жіберуі мүмкін және инфекцияның өршу шыңы тамыз айының басында болады деп ескертті. Сонымен қатар Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті инфекция жұқтырудың тағы жеті жағдайының тіркелгендігі туралы хабарлады, оның ішінде екі спортшы бар, қатысушылар арасында вирус жұқтырғандардың жалпы саны – 155 адам.