ДДСҰ электронды темекінің таралымын шектеуге шақырады

ДДСҰ электронды темекінің таралымын шектеуге шақырады

ДДСҰ электронды темекінің таралымын шектеуге шақырады
ашық дереккөзі
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы электронды темекінің таралымын шектеуге шақырды. Бұл туралы сейсенбіде жарияланған ДДСҰ-ның сегізінші баяндамасында айтылды. Электронды темекіні балалар мен жасөспірімдерге темекі және онымен байланысты салалардың өндірушілері сатады. Бұл жолда олар мыңдаған тартымды хош иістерді қолданады. Ұйым ел үкіметтерін темекіге қарсы тиісті саясат қабылдауға, қоғамды электронды темекінің зиянынан қорғау және оның балаларға, жасөспірімдерге және басқа да осал топтарға таралуына жол бермеуге шақырды. ДДСҰ-ның бағалауы бойынша, темекі шегетіндердің жалпы саны - 1 млрд. Олардың шамамен 80% экономикасы төмен және орташа елдерде тұрады. Темекі жылына 8 миллион адамның өліміне себеп болады.