Токио-2020: қатерлі ісік дертін жеңген таеквондошы қола медаль еншіледі

Токио-2020: қатерлі ісік дертін жеңген таеквондошы қола медаль еншіледі

Токио-2020: қатерлі ісік дертін жеңген таеквондошы қола медаль еншіледі
ашық дереккөзі
Қатерлі ісік дертінен айыққан оңтүстіккореялық таэквондошы Ин Кё Дон Токио Олимпиадасында қола медаль олжалады, – деп жазды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап. 80 келіден жоғары салмақта ерлер арасындағы қола үшін болған бәсекеде словениялық Иван Конрад Трайковичті 5-4 есебімен жеңген спортшы оның бұл жетістігі қатерлі ісікпен күресіп жатқан басқа адамдарды жігерлендіреді деп есептейді. 2014 жылы оған 22 жасында лимфома диагнозы қойылды. Келесі жылы Ин Кё Дон жарысқа қайта оралды. Ал 2019 жылдың жазында дәрігерлер оның қатерлі ісіктен толық жазылғандығын мәлім етті. «Мен ол кезде Олимпиада ойындары деген сөзді тіпті ойыма да алмаған едім», - деген ол Токионың шығысындағы Чибадағы А Makuhari Messe залында: «Олимпиада медалін алу үшін ұзақ жолдан өттім. Менің бұл жетістігім қатерлі ісікпен күресіп жатқан сырқаттарды шабыттандырады деген сенімдемін». Олимпиададағы алғашқы дебютін 29 жасында, өзге ойыншылардан кешірек өткізген спортшы алтын болмаса да, өз медалін әлдеқайда жоғары бағалайтынын айтты. «Мен жартылай финалда ұтылдым, бірақ қолымнан келгеннің бәрін жасадым», - деді Инг: «Бұған еш өкінбеймін». Сондай-ақ ол Токио Олимпиадасы өзінің алғашқы және соңғы жарысы екенін жеткізді.