Сырдария өзенінде қалқып жүрген мәйіттің кім екені анықталды

Сырдария өзенінде қалқып жүрген мәйіттің кім екені анықталды

Сырдария өзенінде қалқып жүрген мәйіттің кім екені анықталды
ашық дереккөзі
Қызылорда облысында құтқарушылар Сырдария өзенінде қалқып жүрген мәйітті жағаға шығарды, – деп жазды ҚазАқпарат. Белгісіз адамның мәйіті Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентіндегі «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолының бойына орналасқан көпір маңында табылған. «Рейдтік шаралар өткізіп жүрген төтенше жағдайлар саласының мамандары өзен үстінен белгісіз адамның мәйітін тауып, оны жағаға шығарды», - деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмысы қызметінің маманы Әлия Ережепова. Кейіннен белгілі болғанындай, оның Қармақшы ауданының 1984 жылғы тұрғыны екендігі анықталды.