Жаңалықтар

«Мәңгілік ел» идеясы баршамызды біріктіреді

ашық дереккөзі

«Мәңгілік ел» идеясы баршамызды біріктіреді

«Қазақстан таңдаған интеграция жолы дұрыс әрі әділ болды» деді ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Еуразия ұлттық университетінде өтіп жатқан «Қазақстан Республикасы және Еуразия кеңістігі: қазіргі заман мен даму келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда. Жиын ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған. «2016 жыл – Қазақстанның және әрбір қазақстандықтың өміріндегі айрықша жыл. Өткен ширек ғасырдың ішінде біз Ұлт көшбасшысы  ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен тарихи дамуда  таңғаларлық секіріс жасап, заманауи, қуатты, қарқынды мемлекет құрдық. Қазақстан бірлік пен рух беріктігінің арқасында азаматтық келісімде адам нанғысыз өсімге қол жеткізді»,  – деді Әбдіқалықова. Сонымен қатар ол бүгінде Қазақстан Мемлекет басшысының бастамасы бойынша қолға алынып, 5 институттық реформада мазмұндылығы айқындалған мемлекеттік құрылыстың сапалы жаңа сатысына көтерілін айтты. Ұлт жоспарының мақсаты әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарына ену екенін еске салды. «Біздің барлығымызды мәңгілік әрі қуатты мемлекет құруға бағытталған «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы біріктіреді. Әлемдік геосаясатта мемлекеттердің экономикалық өзара әрекеттестігі басымдыққа ме тенденциялардың бірі болып отыр. Интеграция дамудың ішкі және сыртқы факторларын тиімді жүзеге асыруға, жаһандық сын-қатерлерге лайықты жауап беруге мүмкіндік жасайды», – деді Әбдіқалықова. Халықаралық шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпустың өкілдері, ғылым мен білім қызметкерлері, белгілі қоғам қайраткерлері, отандық және шетелдік университеттердің ректорлары қатысуда.