28 шілде: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі

28 шілде: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі

28 шілде: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі
ашық дереккөзі
1969 жылы 28 шілдеде Жамбыл облысында Жаңатас қаласының іргетасы қаланды. Жаңатас - Жамбыл облысы Сарысу ауданының орталығы. Қала тарихы фосфорит өндірісінің жандануымен тікелей байланысты. 1992 жылы Брюссельде Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Комиссия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы нота алмасу рәсімі өтті. 1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдум өткізу туралы қаулы шығарды. Кейіннен осы референдум бойынша Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы қабылданды. 2003 жылы ҚР Ұлттық банкі номиналы 10 000 теңгелік банкнотты айналымға енгізді. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев білім саласында қоғамдық қатынастарды реттеуге, осы саладағы мемлекеттік саясаттың қағидаттарын анықтауға және Қазақстан Республикасы азаматтары, сондай-ақ елімізде тұрғылықты тұратын шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған «Білім туралы» Заңға қол қойды. 2012 жылы Қазақстаннның велошабандозы Александр Винокуров ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының алғашқы жарыс күнінде тас жолда топтық жарыста мәре сызығын бірінші болып кесіп өтіп, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль салды. 2012 жылы Оңтүстік Корея Ёсу қаласында EXPO-2012 халықаралық мамандандырылған көрмеде Қазақстанның Ұлттық күнінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. 2012 жылы Ақмола облысының Сандықтау ауданындағы археологиялық жұмыстар кезінде қола, ерте темір және Орта ғасыр дәуірі кезеңдерінің бұған дейін белгісіз болған 80 ескерткіші табылды. 2016 жылы Ыстанбұлда ҚР Инвестиция және даму министрлігінің «Kaznex Invest» экспорт және инвестиция жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның өкілдігі ашылды. Аталмыш құрылымның Түркия мемлекетіндегі арнайы өкілі ретінде Нұриддин Аманқұл тағайындалды. 2016 жылы Өскеменде автозауыт алаңында алғашқы KIA Soul EV электромобилін құрастырды. Оның максималды жылдамдығы сағатына 145 шақырым Толық зарядталған көлік батареясы 14-тен 18 сағатқа дейін жетеді. 100 шақырымға электромобильді қуаттау құны 170 теңгені құрайды. 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында XII ғасырға тиесілі екі мүсін табылды. Аудан тұрғындары ежелгі ескерткіштерді Қаратау жотасында Арпа өзенінің жағалауынан тапқан. Мүсінде ер адам мен әйел бейнеленген. 2017 жылы Алматыда 1964 жылдан 1975 жылға дейін Сауд Арабиясында билік еткен король Фейсалдың алтын қаруы қойылған көрме ашылды. Көрмеде ерекше, сирек, тарихи мұрағаттық құжаттар, Құран, жеке заттары, Әл-Фейсалға әртүрлі мемлекеттердің басшылары сыйға тартқан медальдер, ордендер мен төсбелгілер, суреттері және т.б. қойылды. Әсіресе алтынмен және күміспен қақталған салтанатты қару түрлері көздің жауын алады. 2018 жылы Астанада алғаш рет грэпплингтен Әлем кубогі өтті. Қазақстан Республикасы – дәл осындай форматта жарыс өткізген әлемдегі бірінші мемлекет. Грэпплинг – дзюдо, самбо, джиу-джитсу, еркін күрес, грек-рим және т.б. сынды күрес түрлерін біріктіретін спорттық жекпе-жектің түрі.