"Тілімізді қорлау": Әнші Жұбаныш Жексенұлы Ninety One тобының ән мәтіндеріне қатысты пікір білдірді

"Тілімізді қорлау": Әнші Жұбаныш Жексенұлы Ninety One тобының ән мәтіндеріне қатысты пікір білдірді

"Тілімізді қорлау": Әнші Жұбаныш Жексенұлы Ninety One тобының ән мәтіндеріне қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі

Әнші Жұбаныш Жексенұлы Тимур Балымбетовтің "Ашығын айтқанда" бағдарламасына берген сұхбатында қазіргі эстраданың ахуалы жөнінде пікір білдіріп, Ninety One тобына ерекше тоқталды.

"Мен олардың (Ninety One) музыкасын жақсы көремін. Маған ұнайды. Мәcеле киіну, шаш бояу, сырға тағуда емес. Мені ренжіткен нәрсе - әкесінің, атасының бабасының сөйлеген тілін қорлау. Мәтінге қатысты "жоқ, ол сөзді емес, негізі мына сөзді айттық" дейді. Оны хайп деп айтамыз ба, не дейміз? Мүмкін, ескі заманның адамы деп ойлайтын шығар, бірақ мен оны мазақтау деп білемін. ⠀ Үлкен бір қылмыс емес, бірақ сатқындық деп санаймын. Бабасы сөйлеп келген тілді миллиондардың алдында осылай айта салу деген дұрыс емес. "Жаман сөз айтқан жоқпыз ғой" дейді. Сөйтіп таңғалдырады. Ойының ұшқырылығы ғой. Жаман сөз емес шындығында, бірақ астарында басқа нәрсені айтып тұр. Ол - мазақ. Ол - өзін-өзі мазақтау. Ал хайп дер болса, ол - өз ішкі принципін сату", - деді әнші.