Жаңалықтар

Құрғақшылық: Атырау облысында төрт түлікпен қатар балық та қырылып жатыр

ашық дереккөзі

Құрғақшылық: Атырау облысында төрт түлікпен қатар балық та қырылып жатыр

Атырау облысында құрғақшылықтан төрт түлік пен қатар балық та қырылып жатыр, деп хабарлайды Atameken Business. Исатай ауданындағы каналдарға екі-үш жылдан бері жарытып су келмеген.  Соңғы жылдары қар мен жауын-шашын да түспейді. Салдарынан, шөлге шыдамаған мал қырылып жатыр. Шаруалар қанша айтып шырылдағанымен жергілікті биліктен қайыр жоқ. Олар облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың ауданға келіп, жағдаймен танысуын талап етіп отыр.