Италияда алманың үлкендігіндей бұршақ жауды

27 шілде, 2021 / Ділда УӘЛИБЕК
ашық дереккөзі
Италияда алманың үлкендігіндей бұршақ жауды

Италияда үлкендігі алмамен бірдей бұршақ жауды.

Бұршақ жүздеген автомобиль мен үйлерге зақым келтірді, әйнек сынықтарынан жарақат алып, зардап шеккендер бар. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Парма аймағындағы Италияның негізгі А1 автожолында қозғалыс тоқтатылды. Бұршақ машиналарды майстырып, әйнектерін сындырған.