Сайлау: «Nur Otan» партиясының кандидаттары округтердің 86%-дан астамында жеңіске жетті

Сайлау: «Nur Otan» партиясының кандидаттары округтердің 86%-дан астамында жеңіске жетті

Сайлау: «Nur Otan» партиясының кандидаттары округтердің 86%-дан астамында жеңіске жетті
ашық дереккөзі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауының қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясының кандидаттары және өзін-өзі ұсынушы партия мүшелері округтердің 86%-дан астамында жеңіске жетті.

Аумақтық сайлау комиссияларының мәліметтері бойынша, партияның 627 кандидаты әкім болып сайланды, оның ішінде 65-і – өзін-өзі ұсынушы нұротандықтар. Партияның баспасөз қызметі хабарлағандай, үгіт-насихат кезеңінде «Nur Otan» кандидаттары 1,2 млн сайлаушыны қамтыған. 45 мыңнан астам кездесу мен іс-шара өткізілді. Олардың үштен бір бөлігі онлайн форматта болса, қалғандары санитарлық талаптарды сақтай отырып жүзеге асты. 228 мың үгіт материалы таратылды. Үгіт-насихат барысында партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 1,5 мың өтініш келіп түсіп, олар жергілікті жерлерде жедел шешілді. Жеңіске жеткен нұротандықтардың 35%-дан астамы – жаңа тұлғалар, оның ішінде білім беру саласының өкілдері, кәсіпкерлер, фермерлер, ал 65%-ы қызметтегі әкімдер. Кандидаттардың орташа жасы – 46 жасты құрады. Әйелдер – 11,5%, 35 жасқа дейінгі жастар – 14,2%. Көпшілігі бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен таяуда өткен партияішілік праймериздің қатысушылары. Барлық кандидаттар мен штаб мүшелері бұған дейін партияның Саяси менеджмент мектебі базасында семинарлардан өтіп, қажетті ұйымдастырушылық, әдістемелік және басқа да қолдаумен қамтамасыз етілгенін айта кеткен жөн. Әрқайсысында аумақтың мүмкіндігін ескере отырып, партияның қолдауымен тиісті ресурстармен қамтамасыз етілген өз сайлауалды бағдарламасы болды. «Партиямыздың Лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, нұротандықтардың басты қағидаттары – жауапкершілік, командалық рух, партия идеалдары мен құндылықтарына беріктік. «Nur Otan»-ның міндеті – тек сайлауда жеңіске жету ғана емес, ауылдардың дамуына жүйелі жағдай жасау, азаматтардың нақты мәселелерін шешу. Партия өз кандидаттарын ұсына отырып, бірінші буын әкімдердің ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында халықпен өзара әрекеттестігінің жаңа мәдениетін қалыптастыра отырып, заманауи тәсілдерді ендіруде» - деп бұған дейін атап өткен еді партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook парақшасында.