Президент өкімімен бірқатар тағайындау болды

Президент өкімімен бірқатар тағайындау болды

Президент өкімімен бірқатар тағайындау болды
ашық дереккөзі
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен бірқатар тағайындау болды, – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. «Мемлекет басшысының өкімімен: Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылды; Сәкен Сайынұлы Исабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Сәбитұлы Мұхтаров Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды.