«Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Саяси кеңестің аймақтық бюросының ұсынысы бойынша «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Мейірім Қалауи тағайындалды.

Ол Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылының тумасы.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің және Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет істері академиясының түлегі.

Әр жылдары жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2019 жылдың қаңтар айынан бастап Атырау облысы Индер ауданының әкімі қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, «Nur Otan» Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен бұған дейін облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған Нұрлыбек Ожаев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мандатын алған болатын.

Back to top button