Елордада жасөспірім қызды таңғы жүгіру кезінде тонап кеткен

Елордада жасөспірім қызды таңғы жүгіру кезінде тонап кеткен

Елордада жасөспірім қызды таңғы жүгіру кезінде тонап кеткен
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда таңертең ер адам кәмелетке толмаған бойжеткенді тонап кетті. Нұр-Сұлтан қаласы ПД мәліметінше, 25 шілде күні сағат таңғы 05:30-да станционарлық бекеттегі патруль полиция полкінің қызметкеріне 17 жастағы бойжеткен шағымданған. Ол таңғы жүгіру кезінде белгісіз ер адамның тап беріп, «IPhone 8+» телефоны мен сөмкесін ала жөнелгенін айтқан. Күдіктінің белгілері анықталды. Полиция жасағы қылмыскерді қонақүй автотұрағында ұстады, ол қашпақ болған. Ол 42 жастағы Ақмола облысының тұрғыны болып шықты. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. ҚР ҚК «Тонау» бабы бойынша тергеу жүргізілуде. Ұсталған ер адамның астана аумағындағы осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.