Қазақстандық таеквондошылар Олимпиаданың екінші айналымында ұтылды

Қазақстандық таеквондошылар Дениз Жансель мен Руслан Жапаров Олимпиаданың екінші айналымында жеңіліп қалып, жарыс жолынан шығып қалды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Әйелдер арасында 67 келіден жоғары салмақта сынға түскен Жансель ұлыбританиялық Бьянка Уолкденнен ұтылды. Есеп – 7:17.

Ал ерлер арасында 80 келіден жоғары салмақта бақ сынаған Руслан Жапаров Оңтүстік Корея өкілі Кё Дон Инге 2: 10 есебімен жол берді.

Егер қарсыластары финалға жетсе, қазақстандық қос спортшының қола медальға таласатын мүмкіндігі пайда болмақ.

 

Back to top button