Семейде аралда қалып қойған 2 адам құтқарылды

Семейде аралда қалып қойған 2 адам құтқарылды

Семейде аралда қалып қойған 2 адам құтқарылды
ашық дереккөзі
Семей қаласында аралдан қайта алмай қалған 2 адамға құтқарушылар көмекке келді. ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 26 шілдеде құтқарушыларға Семейдегі Нахаловка ауданынан шақырту түсті. Онда 2 ер адам Ертіс өзенінен аралға дейін жүзіп өтіп, кері қайта алмай қалған. «Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, оларды жедел түрде қайықпен жағаға жеткізді. Қазір ер адамдардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.