Елорда іргесіндегі Қосшы ауылына облыстық маңызы бар қала мәртебесі берілді

Елорда іргесіндегі Қосшы ауылына облыстық маңызы бар қала мәртебесі берілді

Елорда іргесіндегі Қосшы ауылына облыстық маңызы бар қала мәртебесі берілді
ашық дереккөзі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы жаңа Жарлығы Ақорданың ресми сайтына жарияланды.

Құжатқа сәйкес, Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына енді.
Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Ақмола облысының Целиноград ауданы одан Қосшы ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын. Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 26 шілде № 629