27 шілде: маңызды оқиғалар, тарихи сәттер

27 шілде: маңызды оқиғалар, тарихи сәттер

27 шілде: маңызды оқиғалар, тарихи сәттер
ашық дереккөзі
1992 жылы Қазақстан мен Молдова арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды; 1999 жылы Қазақстанда қамқоршысыз қалған балаларға арналған тұңғыш отбасылық үлгідегі "SОS Алматы" балалар қалашығы ашылды; 2007 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі дамытуға бағытталған "Агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды; 2007 жылы Алматыда "Өмір" аллеясы салтанатты түрде ашылды. 2011 жылы VI-XII ғасырлардың мәдени оқиғаларынан сыр шертетін "Шыңғысхан жолымен" атты автожарыс өтті; 2014 жылы ОҚО мемлекеттік педагогикалық университетінің археологтар тобы Ордабасы ауданындағы Күлтөбе қорымынан қаңлы мемлекетінің 12 тұрғынының сүйектерін, тұрмыстық заттар мен бағалы әшекейлер тапты.