СҚО-да 29 жастағы жігіт 6 күннен бері табылмай жатыр

СҚО-да 29 жастағы жігіт 6 күннен бері табылмай жатыр

СҚО-да 29 жастағы жігіт 6 күннен бері табылмай жатыр
ашық дереккөзі

Солтүстік Қазақстан облысында 29 жастағы жігіт 6 күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО волонтерлері мен полиция 1991 жылы 15 қыркүйекте туған Арман Бауыржанұлы Әмреновке іздеу жариялады. Жігіт 21 шілде күні Шал ақын ауданы Еңбек ауылынан шығып, белгісіз жаққа кеткен. Жоғалған ер адамның бойы 180 см, шашы ақшыл-қоңыр, қой көзді, арықша келген. Кіндігінің тұсында лазермен жасалған отадан қалған екі кішкентай тыртық бар. Сол күні үстінде көк джинсы шалбар, ақ түсті футболка, сұр күрте және кроссовка болған. Жоғалған адам жайында қандай да бір хабары барлар 8 777 307 99 65 немесе 102 нөміріне хабарласа алады.