1 266 жалған медицина құжаты: Сарыағаш ауруханасының медбикесі ұсталды

1 266 жалған медицина құжаты: Сарыағаш ауруханасының медбикесі ұсталды

1 266 жалған медицина құжаты: Сарыағаш ауруханасының медбикесі ұсталды
ашық дереккөзі
ІІМ Әскери тергеу департаменті Түркістан облысында қолдан жалған медицина құжатын жасап жүрген үш тұрғынды ұстады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. – Түркістан облысында үш тұрғынның осы күнге дейін жүзеге асырып келген ісі тоқтады. Олар медициналық құжаттарды қолдан жасап, мөр басқан, – деді ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек. Сондай-ақ, тергеушілер Сарыағаш аудандық ауруханасында жұмыс істейтін медбикенің Қазақстан мен Өзбекстан шекарасын кедергісіз кесіп өтуге мүмкіндік беретін жалған медициналық құжат жасап беріп отырғанын анықтады. – Ұсталғандар медициналық мекемелер беретін анықтаманы 3 мың теңгеден бастап, 7 мың теңге арасындағы бағада жасап беріп отырған. Бұл жасанды құжат шекараны кедергісіз кесіп өтуге мүмкіндік береді. Күдіктілердің жұмыс орны мен үйін тінту кезінде алдын ала мөр қойылған 1 266 медициналық бланк табылды. Аталған фактіге сәйкес Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша іс қозғалды, – деді ІІМ баспасөз қызметінің өкілі. Айта кетейік, ІІМ қолдан жалған құжат жасағандардың 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін хабарлаған болатын. Ал осы жалған құжатты қолданғандар 40 тәулікке қамалмақ.