Токио-2020: Жапон мультипликаторы қазақ спортшыларының анимациялық бейнесін жасады

Токио-2020: Жапон мультипликаторы қазақ спортшыларының анимациялық бейнесін жасады

Токио-2020: Жапон мультипликаторы қазақ спортшыларының анимациялық бейнесін жасады
ашық дереккөзі

Жапон суретшісі Хиконың ерекше туындысы интернетте талқыланып жатыр. Бұл туралы жас аниматор өзінің инстаграм парақшасында жазба қалдырған.

Суретшінің парақшасынан түрлі комикс-анимейшн бейнелерді көруге болады. Солардың бірі – Токиодағы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында еліміздің көк байрағын алып шыққан спортшылар Қамшыбек Қоңқабаев пен жеңіл атлет Ольга Рыпакованың анимациялық бейнесі. Жас аниматор қазақ боксшысының Ту ұстап келе жатқан сәтін бейнелеген. Желі қолданушылары түрлі позитив пікір айтып, жоғары баға беріп жатыр. Жеңіл атлет Ольга Рыпакованың үстіндегі қазақша көйлек те көптің көңілінен шыққан еді. Ол туындының авторы, белгілі дизайнер – модельер Виолетта Иванова.
– Жапондық жас суретші Хико Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына Қазақстан құрамасының шығуынан әсер алғаны соншалық, біздің Ту ұстаушы спортшылардың  анимациялық бейнесін салыпты. Өте әдемі шыққан, – деп жазды блогер Александр Цой. ⠀
Сонымен қатар жапондық суретші біздің спортшыларымыздан бөлек, twitter парақшасында бір күнде Олимпиада чемпионы атанған ағайынды Абэлерді де бейнелеген.