Токио-2020: Үстел теннисшісі Кирилл Герасименко жарыс жолынан шығып қалды

Токио-2020: Үстел теннисшісі Кирилл Герасименко жарыс жолынан шығып қалды

Токио-2020: Үстел теннисшісі Кирилл Герасименко жарыс жолынан шығып қалды
ашық дереккөзі
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының мүшесі Кирилл Герасименко Олимпиададағы жарыс жолын аяқтады. Кирилл екінші кездесуінде неміс спортшысы Тим Боллмен кездескен болатын. Тартысты жекпе-жектің алғашқы партиясын жеңіспен аяқтағанымен, Кирилл кейінгі үш партияда Германия өкіліне есе жіберіп алды. Осылайша Қазақстан командасының үздігі 1:4 есебімен ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды.