Токио-2020: Үстел теннисшісі Кирилл Герасименко жарыс жолынан шығып қалды

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының мүшесі Кирилл Герасименко Олимпиададағы жарыс жолын аяқтады.

Кирилл екінші кездесуінде неміс спортшысы Тим Боллмен кездескен болатын. Тартысты жекпе-жектің алғашқы партиясын жеңіспен аяқтағанымен, Кирилл кейінгі үш партияда Германия өкіліне есе жіберіп алды. Осылайша Қазақстан командасының үздігі 1:4 есебімен ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды.

Back to top button