ШҚО-да аудан әкімінің орынбасары пара алғаны үшін ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында аудан әкімінің орынбасары пара алғаны үшін ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкімінің орынбасары 1 800 000 теңге пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Күдікті адам қамауға алынды, – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Хабарламада айтылғандай, басқа мәліметтер жария етілмейді.

Back to top button